Премьер-министр жылыту желілерін жөндеу жұмыстарына жауаптыларды қатаң сынға алды
47 жобаның тек 30-ында ғана жұмыс жүріп жатыр. Премьер-министр жылыту желілерін жөндеу жұмыстарына жауаптыларды қатаң сынға алды. Әлихан Смайылов жылыту маусымының басталуына дейін уақыт жеткілікті. Дегенмен бекітілген кестелерді бұзуға болмайды деп атап өтті. Ал алаңдаушылық тудыратын деректер қазірдің өзінде анықталып отыр екен. Мәселен, Атырауда жөндеу жұмыстары осыдан 60 күн бұрын басталуы керек еді. Рудный жылу орталығында басталған жұмыс 45 күннен бері тоқтап тұр. Ал Теміртауда қазандықты жөндеу жұмыстары жоспардан мүлдем алынып тасталған.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек. Желілерді техникалық тексеру жұмыстарыда біткен жоқ.