Хабар телеарнасы

Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі реставрациядан өтеді

Алайда қоғамда кесененің қабырғалары шөгіп жатыр деген ақпарат бар. Өңір әкімі Дархан Сатыбалды осыған байланысты арнайы пікір білдірді. Айтуынша бөлмелердің үстіңгі қабырғаларында көгеру фактісі бар. Бірақ өткен жылғы зерттеу нәтижесі бұған сыртқы факторлардың әсері жоқ екендігін көрсеткен. Қазірде кесененің техникалық жағдайын зерттеу мемлекет деңгейінде көтерілген. Нақты себебін анықтау үшін республикалық бюджеттен 317 млн. теңге бөлінген.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:
-Олардың негізгі мақсаты динамиканы көріп, бөлмелерге датчиктер қойып, сосын жылына 4 мезгіл ылғалдылығын тексереді. Сол кезде ғана белгілі болады. Өзгерістер жайы. Бір жылдан кейін қорытынды шығады. Сол кезде не істеу керек екені белгілі болады.