Хабар телеарнасы

Мемлекеттік білім гранттарының тізімі жария етілді

Биыл жоғары оқу орындарына 88 мың грант бөлініп, 60% техникалық мамандықтарға берілмек. Бұл — Президенттің арнайы тапсырмасы. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жариялаған дерегі бойынша, инженерлік, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс салаларына бөлінген грант саны – 18 мың 700-ден асады. Педагогикалық ғылымдарға – 12 мың 560 грант берілсе, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға - 10 мың 103, жаратылыстану, математика және статистикаға 7 мыңнан астам грант бөлінді.