Қазақстан қоқыс өңдеу бойынша әлем рейтингінде 175-орында тұр
Қазақстан әлемдік рейтингте қоқысты өңдеу бойынша 175-орында тұр. Бұл туралы Астанада осы тақырыпта өткен халықаралық форумда ОБСЕ өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша аталмыш көрсеткіші соңғы 5-6 жыл бойына сақталып келеді. Бүгінгідей шаралар аясында жағдайды түзеудің жолдарын іздестірген жөн. Мамандар кеңесінше Швеция, Норвегия, Финляндия сияқты елдердің тәжірибесін алуға болады.
Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 4 млн тоннаға дейін тұрмыстық қалдық шығады. Экология министрлігінің дерегінше, бүгінде соның 25% өңделеді.
Ерлен Бадыхан, ЕҚЫҰ Экономика және экология сұрақтары бойынша Астанадағы ұлттық үйлестірушісі:
- Қазақстанда жағдайды түзеу бойынша мінсіз жоспар, стратегия, концепия дейсіз бе, бәрі бар. Тіпті тиісті қаржы да бөлінуде. Мәселе оның дұрыс, тиімді орындалуында. Міне, осы жерде өзге елдердің тәжрибесін алатын болса, нәтиже де анағұрлым оңалар еді. Қоқыстар да соңғы кезде түрленіп барады. Мәселен, электронды қалдықтар. Оларды өңдеу мүлдем басқаша жүргізіледі. Осы үрдіске ілесе білу маңызды.
Динара Әжіғалиева, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі департаменті директорының орынбасары:
- Әлемдік қауымдастықта рейтинг жасаудың түрлі тәсілі бар. Олардың нақты нені есепке алғанын ескеру қажет. Бізге түрлі орын беретіндігі соған байланысты. Жалпы біздегі қоқыстардың бүгінде 25%і өңделуде. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40% жеткіземіз деген жоспар бар. Елімізде оны іске асытаратын түрлі деңгейдегі 600-ге жуық компания бар.