Петропавлда Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті
Орталық алаңда өнер ұжымдары елорданы ән мен жырға қосып, жиналған жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлады. Ал кішкентай балалар бас қаланың зәулім ғимараттарын ашық аспан астында ақ қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Халық асық ату, тоғыз құмалақ, арқан тартыстан сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Олар мерекелік шараларға белсене қатысып қана қоймай, ізгі тілектерін де жеткізді.
Амангелді Нұрсейітов, қала тұрғыны:
-Астана өте әсем қала. Астананың архитектурасы тіпті оңды. Көшеде ағаш бәрі отырғызылған. Енді балалардың арқасында Астанаға көшіп барамыз ба деген ойымыз бар. Аманшылық болса барармыз.