Жыл басынан бері 1300 есірткі қылмысы анықталды
Елімізде жыл басынан бері 1 мың 300-ден астам есірткі қылмысы анықталған. Оның 800-ге жуығы — сату дерегі. Заңсыз айналымдағы 8 тонна есірткі тәркіленген. Сондай-ақ 24 зертхана, 4 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Соңғы айдың өзінде полицейлер 315 қылмысты анықтаған. Оның 170-і сату мен есірткіні заңсыз сақтау фактісі. Нәтижесінде 154 күдікті ұсталды. Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өсірілген қарасораның 12 плантациясы да жойылды. Қазіргі таңда Үкімет есірткіге қарсы күресті одан әрі күшейтпек. Ол үшін құны 53 млрдтан асатын кешенді жоспар бекітілген.