Түркістан облысында 3,5 мыңға жуық адамға жаңа жұмыс орны ашылады
Сынның астында қалған қала әкімі Жеңіс Қасымбекке Президент тізіп өткен мәселелерді шешу үшін тура 1 жыл уақыт берді. Оның жұмысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болады.
«Ауыл аманаты» жобасы барысында 20 млрд теңге бөлінген. Бұл жайында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысына сапары барысында мәлімдеді. Сайрам ауданындағы сүт өндіретін кәсіпорыннан басталған іс-сапар «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және «Құқықтық көмек» партиялық жобаларына атсалысқан шаруа қожалықтарымен кездесумен жалғасты.
Қаржылық сауаттылық, заң шеңберінде қарыздан құтылу, өз ісін дөңгелетуді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 20 мың адам үйренген. Одан бөлек ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып жатыр. «Халықтың игілігіне беріледі»,- деді Мәжіліс төрағасы.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
- Азаматтардың тұрмысын түзеп, әл-аухатын арттыру ол біздің Президенттің, партиямыздың түпкі мақсаты. Әр тұрғынға балық бермей, қармақ беру. Сіздерге өз шаруаларыңызды ашып, әрі қарай жүргізуге мүмкіндік беру. Мен әдейі жүргізіп жатқан жобаларамыз осы Түркістан өңірінде қалай іс жүзінде нақты іске асып жатқанын көру үшін әдейі келдім.