«Ауыл – ел бесігі»: Павлодар облысында әлеуметтік нысандар салынады
Ертіс өңірінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26 елді мекенде 100-ге жуық әлеуметтік нысан бой көтеріп, халық игілігіне беріледі. Мәселен, Павлодар қаласының іргесіндегі Пограничник ауылында бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысы қатар жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, фельдшерлік-акушерлік пункт пен спорт кешені салынып жатыр. Қос әлеуметтік нысан биыл халық игілігіне беріледі. Медициналық нысанның құрылысына 149 млн теңге бөлінген. Ауылда 30 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдар бар. Биыл көшелердің барлығына асфальт төселеді.
Людмила Глебова, Пограничник ауылының тұрғыны:
- Әрине, ауылға сапалы жолдар керек. Өткен жылы қиыршықтас төселді. Қарт адамдарға жаяу жүру қиын. Биыл акушерлік пункттің құрылысы басталды. Қуаныштымыз.
Айгүл Бекбергенова, Достық ауылдық округінің әкімі:
- Пограничник ауылында ұзындығы 12 шақырымдай асфальт төселеді. Және де халқымызға, мектеп балаларына, спортқа деген ынтасы бар бүлдіршіндер үшін кешен салынады. Осы жылы желтоқсанда тапсырылады деген үміттеміз. Жол, көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.