«Онлайн-платформалар және онлайн жарнамалар туралы» заң күшіне енеді
«Онлайн платформа және онлайн жарнама туралы» заң 60 күнде күшіне енеді.
Ескеретін жайт, мұндай заңды Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып Қазақстан қабылдады.
«Еуропалық Одақтың Digital Services Act деген заңнамасына негізделген құжатта қамтылған мақсаттардың бірі – қаржы пирамидасы және басқа да интернет алаяқтардың алдын алуға мүмкіндік береді»,- дейді сарапшы Айгерім Құсайынқызы. Оған қоса ғаламторды пайдаланушылар арасындағы жауапкершілік те артады.
Айгерім Құсайынқызы, цифрлық құқық бойынша сарапшы:
- Жалпы бұл заңдағы ерекшелік – бізде Қазақстанда қаржы пирамидасы бойынша алаяқтық артып кеткен болатын. Бұл заң сол алаяқтықтың алдын алуға байланысты кез келген қазақстандық тұтынушы сайтқа кіріп, жарнаманы оқыған кезде, ол жарнама жалған ба, қандай ақпараттар берілген, оны инфлюенсер берген бе, оны сайттың иесі тексеріп көрген бе, ақпарттың шынайы шынайы еместігін. Осының жауапкершілігі арта түседі.