Хабар телеарнасы

Табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

1 шілдеден бастап табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемақы қосылады. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында осындай қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына: жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру және тағы басқа мамандандырылған ұйымдар жатады. Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл өзгеріс саладағы 13 мыңға жуық қызметкердің жағдайын жақсартуға сеп болмақ.