Хабар телеарнасы

Павлодар облысындағы үш ауылдық округте ТЖ жарияланды

Павлодар облысында «Ертіс орманы» резерватындағы алапат өртке байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті ауқымдағы режим Шарбақты ауданының Галкино, Шалдай және Александровка ауылдық округтерінде сақталады. Төтенше жағдай режимін енгізуге тілсіз жаумен күрес кезіндегі шығындар себеп. Мамандардың айтуынша, қазір жағдай тұрақталды. Өрт сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Еске сала кетейік, үш күн бұрын тұтанған өрт 850 гектарға жайылды.

Әзілхан Әбеуов Шарбақты ауданының әкімі:
-Қазіргі күнде жаңағы оқшауланды. Бір аптадай ликвидация жүреді. Өртті аяғына дейін сөндіргенше төтенше жағдай режимі ауданда болады. Сол режимнің арқасында жоспарланбаған жанар-жағармай соның барлығы, жаңағы төтенше жағдайдың арқасында жабылатын болады. Ликвидациядан кейін шығын көлемі саналады. Қанша ағаш жанды.