Ақсу халқы қыста жылусыз қалмай ма?
Мәжіліс депутаттары қозғау салған тағы бір мәселе: Ақсу ферроқортпа зауытының қазандығы тозған. Қыстың көзі қырауда Ақсу қаласының тұрғындары да жылусыз қалуы мүмкін. Осыған шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып, халық қалаулысы Жарқынбек Амантайұлы депутаттық сауал жолдаған болатын. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен «Ақсу қаласындағы қалалық жылыту қазандығы» нысанын іске қосуға 5,9 млрд теңге, оның ішінде іске қосу-баптау жұмыстарына 205 млн теңге бөлінгенін хабарлады.