Хабар телеарнасы

Астанада азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Министрліктер үйінің 16-шы кіреберісінде орналасқан орталықта тұрғындар кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады. 18 министрлік өкілдері апта сайын азаматтарды жеке қабылдауға дайын. Олардың жұмыс кестесімен Үкімет сайтында танысуға болады. Ал шалғайда тұратын Республика тұрғындары үшін қабылдау онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ орталық базасында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Ол арқылы 1 мың 200-ден аса мемлекеттік қызмет түрін онлайн алуға болады. 

Айман Исабаева, азаматтарды қабылдау орталығының жетекшісі:
-350-ден астам азаматтардың арыздарын қабылдадық. Министрлік өкілдерінен 150-ге жуық кеңес көрсетілді. Жеке қабылдаулар 3 ай бұрын бекітілген кестелерге сәйкес қабылданады. Күніне 4 министрліктің бірінші басшылары қабылдау өткізеді.