Франшиза - табыс көзі
Франшиза, франчайзинг. Соңғы жылдары осы сөздерді жиі еститін болдық. Жалпақ тілмен айтқанда, дайын бизнестің аты мен затын қолданып, кәсіп ету. Ол компания сауда белгісін сатып, коммерциялық мақсатта табыс табады. Яғни дәл сол атаумен сіз бизнес жасайсыз. Бұл саладағы мәселелер елордада өткен форумда талқыланды. Ал оның аясында ауқымды көрмеде отандық тауарлар ұсынылды. Десе де қазір елімізде нақты қанша кәсіпкер франшизамен жұмыс істеп жатқаны белгісіз. Себебі іскерлер құқық иеленуші ретінде ресми органдарға барып тіркеле бермейді. Ал тіркелгені яғни танымал компаниялардың бизнес моделін сатып алғандар 2 мыңнан ғана асады.
Айдын Артықова, Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары:
- Нарықта тіркелген кәсіпкер көп, тіркелмегендер де көп. Бірақ ертең сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, сотқа жүгінген кезде сіздің тіркелмеген шарттарыңыздың ешқандай күші болмайды.Ол үшін екі тараптың қолы қойылған шартты Қазпатент деп аталамыз, жіберсеңіз, бұл мемлекеттік қызмет болып есептеледі. 10 күннің ішінде тіркеу жүргізіледі.