Ғабдулла Мәмбетовтың қолжазбалары архивке тапсырылды
Мұрағат деректері тағы бір мәрте толықты. 1916 жылдағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандар мен олардың қайда жерленгені жайлы тың деректер белгілі болды. Ақын-жырау, шежіреші, Ұлы Отан соғысының ардагері - Ғабдулла Мәмбетов осы және өзге де маңызды мағлұматтарды қолжазбасында қалдырған. Еңбек ерінің шығармалары мен құжаттары архивке тапсырылды. Әрі оның өмірбаяны мен қалдырған мұрасы арқау болған «Қашырлы сыр-сандығы» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Қуандық Ғабдуллин, Ғ.Мәмбетовтың ұлы:
- Ашаршылықты, Ұлы Отан соғысын, конфискацияны көрді. Сол әкемнің жинаған тергенін сақтап,осылай жинақтап ұсынып жатырмын.
Жангелді Бимолдин, Астана қаласының архиві директорының орынбасары:
- Ғабдулла Бәйтенұлы өзінің жазбаларында осы көтеріліске қатысқан адамдардың, олардың қаза болған жерлерін тура көрсетіп, аттарын атап өтеді. Біз оны архив деректерімен салыстырып қарадық. Өте дұрыс жазылған. Сондықтан да бұл қолжазбалар болашақта өте құнды болады ғой деп ойлаймын.