Хабар телеарнасы

Екібастұздағы жанармай мен газ бекеттері тексерілмек

Екібастұз қаласындағы 23 жанармай құю станциясы мен 11 автогаз бекеті тексерілетін болды. Кеше адам өліміне әкелген газ құю бекетіндегі алапат өрттен соң құрылған арнайы бақылау тобы іске кірісті. Құрамына Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті полиция қызметі, кәсіпкерлік және жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет бөлімдері, мемлекеттік кірістер мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары енген. Оқыс оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес екі қылмыстық іс қозғалды. Ал оқиға орнында қаза тапқан 17 жастағы бозбала жанар май бекетінде оператор болып істеген және жұмыс берушінің ұлы екендігі белгілі болды.