Прокурорлар инвестициялық жобалардың жүзеге асуын қадағалайды
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жанынан фронт-офис ашылды. Енді атқарушы және бақылаушы органдар бірлесіп, инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын қатаң қадағаламақ. Аймақта құны 932 млрд теңгені құрайтын 42 жоба аясында 4 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Күні бүгін 8-і іске қосылған. Ал 12 әзірге тоқтап тұр. Басты кедергі – қаржы мен шикізат тапшылығы және тауарды сертификаттау мәселесі. «Мақсатымыз – шағымның түсуін күтпестен, кәсіпкерлердің проблемаларын жедел айқындап, құқықтық жәрдем беру»,– дейді мамандар.
Аслан Жаңатауов, БҚО прокуратурасының басқарма басшысы:
- Әрбір инвестициялық жоба мерзімді мониторингке қойылады. Сондай-ақ прокурор мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселе туындаған жерге шығып қарай алады. Ол үшін жобаларға прокуратураның нақты қызметкері белгіленген. Оларда жобалардың ілеспе чек-парақтары болады. Және сол парақтар арқылы біз инвесторлардың жағдайын көріп отырамыз.