Коронавирустың EG.5 жаңа штамы анықталды
Әлемде коронавирустың жаңа түрі EG.5 тарала бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір вирус 45 елде анықталған. Жаңа штамды жұқтырғандар – негізінен Ұлыбритания, Қытай, АҚШ тұрғындары. Мамандар: «Алаңдауға негіз жоқ», – дейді. Себебі Ковид-19 сияқты жаппай таралмайды деген болжам бар. Эрис жұқтырғандардың мұрнынан су ағып, басы ауырып, шаршап, тамағы ауырады екен. Елімізде індет жұқтырғандар тіркелген жоқ.
Айжан Есмағамбетова, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
-Омикронның жаңа нұсқасы шықты. EG.5 деп анықталды. Басқа омикроннан ерекшеліктері жоқ. Мониторинг жүргізілуде. Жаңа нұсқасы созылмалы аурулары бар адамдарға, қарт адамдарға ауыр түрде өтуі мүмкін. Біздің елімізде Эрис тіркелген жоқ. Бізде 100 пайызында омикронның басқа нұсқалары таралуда.