Астанадағы үшінші ЖЭО 90% дайын
Астанадағы 3-ші жылу электр орталығы алдағы жылыту мауысымына 90% дайын. Демалыс күндері Үкімет басшысы оның құрылыс барысымен танысты. Орталықтағы 4-ші қазандық та газбен жұмыс істейді. Биыл олар кезең-кезеңімен іске қосылып, Астанадағы жылу қуатын сағатына 440 гигакалорияға арттыруы тиіс. Сондай-ақ Әлихан Смайылов әрқайсысы қосымша 350 гигакалориядан қуат беретін Тұран және Оңтүстік-Шығыс газ станцияларының да құрылыс барысын тексерді. Жалпы газ жылыту станциялары қуат көзін үнемді пайдаланатын шағын қазандықтар екенін айта кету керек. Олар көгілдір отыннан бөлек дизельмен де жұмыс істей алады. Аталған жобалар сәтті жүзеге асса, алдағы жылыту маусымында елорда 1100 гигакалория жылумен қамтамасыз етілмек.