Қатонқарағайда қар жауды
Шығыс Қазақстан өңірінде жапалақтап қар жауып, Қатонқарағай ауданындағы әйгілі Мұзтаудың етегі ақ ұлпаға оранды.
Кеше ғана алқап жап-жасыл болып тұрса, таңертеңгілік жер де, көк те аппақ. Бұған осында лагерьде демалып жатқан туристер де аң-таң. Альпинистер: «Бұл сирек болатын жағдай»,— дейді. Өйткені Қатонқарағайда күн ерте суытқанымен, бұрын-соңды тамыздың ортасында қар жауған емес. Керісінше, «бұл тамылжып тұратын мезгіл», — дейді саяхатшылар. Тек кейінгі екі жылда ғана климаттың өзгеруі байқалады. Былтыр осы уақытта бұршақ жауып, лагерьдің шатырын құлатқан екен.