Үкіметте Маңғыстаудың жарық мәселесі қаралды
Маңғыстау облысындағы энергетикалық ахуал әлі де күрделі. Маңызды жобаларды іске асыруды жеделдету қажет. Батыс энергетикалық жүйесін Қазақстанның Бірыңғай Энерго-жүйесіне қосу шешімі қабылданды. Бұл үшін 500 киловатт электр беру желісі салынады. Сондай-ақ аймақта жаңа генерациялау жобалары іске қосылады. Облыстағы жұмыс істеп тұрған стансаларға да жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Үкімет басшысы энергетика жобаларын бұрын жоспарланғандай 2027-2028 жылдары емес, алдағы жылдан бастап жүзеге асыруды жүктеді.