Шымкенттегі 1 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады
Шымкентте бизнес субъектісіне заңсыз берілген 1 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аукционсыз үлестірілген учаскеге қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімі заңды күшіне енсе, Бәйтереков көшесіндегі сауда орталығы сүрілетін болады. Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері құрылыс саласына жүргізген сыртқы талдау кезіндe нысанның инвест жобаға жатпайтыны әшкере болған. Лауазымды тұлғалар оны бұрынғы иесінен мемлекет меншігіне алынып, өзге кәсіпкерге үлестірілгені анықталды. Қазіргі таңда құрылысқа қатысты барлық шешімдер сот тәртібімен жарамсыз деп танылды.
Жандос Жұмабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
-«СПК Шымкент» АҚ бұл 1 гектар жерді басқа кәсіпкерге инвестициялық жоба ретінде ұсынған болатын. Алайда бұл талдаудың аясында бізге белгілі болғандай жоба инвест проектке жатпайды. СПК қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның қызметкерлері шығарған шешімдері жан-жақты жасалған жұмыстарында заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол берілген.