МАЭК №1 энергоблокты жөндеу жұмыстарын аяқтады
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №1 энергоблокты жөндеу жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды. Мамандар зақымдалған құбырларды ауыстырды. Монтаж жұмыстары гидравликалық сынақтарға жалғасып, құбырлардың дәнекерленген жерінің бүтіндігі тексерілген. Энергия өндіретін нысан кешеден бастап толық қуатымен жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, Ақтауды ауызсу, жылу және электр қуатымен жабдықтап отырған кәсіпорында 1 апта бұрын авария болып, соның салдарынан 2 энергоблок істен шыққан еді. 15 тамыздан бастап бүгінге дейін елді мекендерде жарық кесте бойынша өшіріліп келді. Қазір жағдай кезең-кезеңімен тұрақталып келеді.
Мұрат Иғалиев, энергокомбинат бас директорының бірінші орынбасары:
- 17 тамыз күні кешкі сағат 20:53 №3 электр станциясының №1 энергоблогы іске қосылды. Алдындағы өтінім бойынша 19 тамызға дейін еді. 2 ауысыммен жұмыс істеудің арқасында жұмысты уақытынан бұрын бітірдік. Бүгінгі таңда энергоблогы өз жүктемесімен жұмыс жасауда.