Хабар телеарнасы

Мұздық көлдерден қауіп жоқ

Аптап ыстықта мұздықтардың еруінен таудағы көлшіктер арнасынан асып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Апаттың алдын-алу үшін Жетісу облыстық ТЖД өкілдері мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары тікұшақпен барлау жұмыстарын жүргізді. Бүйен, Ақсу, Сарқан, Лепсі, үлкен және кіші Басқан өзендері бастау алатын көлдердің жағдайын бағамдады. Ағын су арнасының бөгелмеуін тексерді. Жетісу Алатауында 400 ден аса көл бар. Соның 58 қауіпті деп саналады.