Елордалық зейнеткерлер флешмоб өткізді
Конституция күні қарсаңында елордалық зейнеткерлер флешмоб өткізді. Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға 300 зейнеткер қатысты. Олар Отан қорғаушылар монументі алдында жиналып, барша халықты келер мерекемен құттықтады.
Марат Мұстафин, Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Мынау Ата Заңды өскелең ұрпақтың алдында көрсетіп, маңызын, Отан сүю, патриотизм, өзінің елін-жерін сүю осы мәселемен мынау 300 үстінде апа-аталарыңыз осындай көрініс көрсетіп жатыр.
Раушан Ысқақова, Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі:
-Біз үйде кемпір шалмыз деп отырмаймыз. Біз көрсетпесек, оны кім көрсетеді?! Сондықтан сіздерге осы бүгінгі шараны бастадық.