Ақтөбеде зорлық-зомбылықтың алғышартын анықтайтын бағдарлама әзірленді
Ақтөбеде зорлық-зомбылықтың алғышартын ерте анықтайтын бағдарлама әзірленді. Отбасылық жанжалға шақыру кезінде жәбірленушіге сұрақ қойылады. Осылайша 26 мың отбасына сауалнама жүргізіліп, зәбір көрген мың адам анықталы. Тың бағдарламаны оқу орындарының психологтары мен ұстаздары және емханалардағы учаске дәрігерлері игеруде.
Халықаралық «Одара» жүйесі негізінде жасалған дәріс жақынынан зәбір көріп жүргендерді жазбай тануға үйретеді. Жалпы өткен жылы Ақтөбе облысында 5 мыңға жуық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген. 161 қылмыстық іс қозғалып, 73-і сотқа жолданды.
Әлфия Саттарова, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қосымша білім беру факультетінің жетекшісі:
- Педагог студенттің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына, көңіл күйіне қарап-ақ зәбір көріп жүргенін байқай алады. Соққыға жығылған болсын, психологиялық қысым, буллинг дер кезінде анықталса, дереу көмектесіп, қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектесуге дайынбыз.