Елорда жастары бос уақытын тиімді өткізе алады
Елорда жастары бос уақытын тиімді өткізе алады
Стритболға арналған спорттық аумақ, фитнес пен балалар ойын алаңы. Бұл елорда жастары кешке жиналатын көпір астындағы заманауи демалыс аймағы.
Айтын Жакупов, жаттықтырушы:
- Мұнда спортпен шұғылданамын, салмақ тастаймын деген адамдарды бөліп жармай барлығын қамтимыз. Тұрақты түрде аптасына 3 рет келеді. Бір нәтижеге жету үшін жұмыс жасаймыз. Жастар жұптарын тауып жатады. Отбасымен келгендер де кезедеседі. Әкелері мен аналарына қарап балалары да спортқа деген қызығушылығы артады.
Кеш қарая жасөспірімдер гаджетке телміріп үйде отырмай, осында спортпен шұғылдануға келеді. Тіпті оларды ынталандыру үшін тегін сыйлықтар беріледі.
Ахмед Ораз, Астана қаласының тұрғыны:
- Жылдан бастап мен мұнда келіп жүрдім. Волейбол ойнаймын, тренеровкаға келемін, ағаммен келемін. Жақсы ойнайтын адамдар бар да.
Жанабай, Астана қаласының тұрғыны:
-3 ай келдім. Тренеровкадан кешікпедім. Тақтай кроссы берді. Жақында велосипед беремін деген. Тренеровканы қалдырмасан. Қалдырмай жүрмін. Четверг велосипед ұтуым мүмкін. Жаттығулардың барлығы тегін өтеді. Сағат 8 басталады.
Статистика бойынша елордадағы жастар саны 441 мыңнан асқан. «Сәйкесінше демалыс орындары мен аула клубтары, қазақша спикинг клабтардың саны артып келеді»,- дейді жауаптылар.
Қайрат Қамбаров, Астана қаласы Жастар саясатының басшысы:
- Күн жылы кезінде 200-300 адам қатысады. Қазір күн салқындағанның өзінде 150 адам қатысып отыр. Тактай Василий ММА чимпионымыз. Ол кісі күнделікті тренеровка жасатып жүр балаларға. 2015 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан аула клубтары бар. Аула клубтар үйдің маңайында ашылады. Ақысыз түрде. ММА, карате, күрес, футбол, волейбол. Спортпен қосу өнер жағы да бар. Домбыра, гитара, тоғызқұмалақ осындай үйірмелермен жастармен жобалар жүзеге асырып келе жатырмыз.
Сол үйірмелерде 200 жуық бапкер жұмыс істейді. Спортшылардың саны көбейді. Ал қазақша сөйлеуге ниетті шетел азаматтарына елорда жастары ерікті гид кеңесші қызметін көрсетіп жүр.
Всеволол Хван, «Батыл бол» клубының мүшесі:
- Кореяда жүрсем, Қазақстанды сағындым. Түсіндім. Оралу керек Қазақстанға. Қазір Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілін көтеру, білу керек. Еркін сөйлеу керек. Бірінші рет келдім. Өте көп шетел адамдарын көрдім. Таңқалдым. Франциядан, Америка Құрама Штаттарынан келеді. Қазақ тілін үйрену керек. Маңызды.
Николай Маевский, «Батыл бол» клубының мүшесі:
- Қазақ тілін үйреніп бастадым. Батыл болға, қазақша клубқа барамыз. Мен Санкт-Петербургтан келдім. Ресейден келдім. Мен қазір Астанада тұрамын. Маған қазақша дәстүрлер ұнайды. Мысалы, тұсаукесер, беташар. Қазақша тағамдар. Бешбармақ, қуырдақ өте ұнайды.
Жұмыстан соң, қаланың сәулеті келіскен көше бойы мен Атырау көпірі жанында қала тұрғындары отбасы мүшелерімен серуенге шығуды әдетке айналдырған. Ал жастар Арбат маңында жиналып ән шырқайды.
Авторлары: Диана Қадыр, Болотбек Табалдиев