Көмір қоры жеткілікті ме?
Елімізде жыл басынан бері коммуналды-тұрмыстық мақсатта 4 млн тоннаға жуық көмір өндіріліпті. Оның жартысынан астамы қазір аймақтарға жеткізілген. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. «Көмір өндірісі дәл осы қарқынмен жалғаса берсе, халықты қатты отынмен толық қамтамасыз етеміз», - дейді жауаптылар. Ал биылғы қажеттілік 9 млн тоннадан асады. Оның 7 млн жуығы тұрғындардың сұранысы. Енді оның бағасына келсек.
Жауаптылардың сөзінше, көршілерімізбен салыстырғанда бізде көмір әлдеқайда арзан. Мәселен, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейде тоннасы 35-60 мың теңге аралығында. Ал Қазақстанда өндірушінің өзінен тікелей сатып алсаң, әлеуметтік көмірдің тоннасы нәбәрі 6-7 мың теңгеден басталады. Бірақ ол халыққа жетем дегенше неге бірнеше есе қымбаттап кетеді?
Тұрар Жолмағамбетов, ҚР ИИДМ комитет төрағасының орынбасары:
- Мысалы, Қаражыра бізде Абай облысында орналасқан. Абай облысының айналасында сол разрезге жақын бағалар болады. Қосымша камазы тағы басқа. Енді ол Түркістан облысына баратын болса, ол әрине, теміржол вагонның арендасы бөлек бар, одан кейін оны таситыны бар және жеткізуі бар. Ол жоғары болады. Мысалы, неше ауылдар бар шалғай теміржол тұйығы жоқ. Ол жерге қосымша камазбен жеткізу керек. Оның ақысы бар және дизель бағасы бар. Сол себепті бұл жерде оны реттеу қиындау болады.