Елордада кадеттер әскери ант берді
Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде 83 ұлан әскери ант берді. Бұл рәсім аталған оқу орны тарихында алғаш рет өтті. 2021 жылы қабылданған кадеттер Отанға адал болуға салтанатты түрде серт берді. Шараға қатысушылар әуелі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еліміздің Қарулы Күштер қатарына кәсіби сержанттарды даярлайтын оқу орны 4 негізгі мамандық бойынша білім береді. Үздік курсанттар жоғары әскери оқу орындарына емтихансыз қабылданады.
Хамит Байкенов, полковник, әскери колледж бастығының оқу жөніндегі орынбасары:
- Екі жыл бойы ұландар жалпы білім пәндерінен, жалпы әскери пәндерінен даярлық алып, 3 курсқа ауысып, әскери қызметке қабылданып отыр. Әскери коллджді бітіргеннен кейін біздің ұландар Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне қызметіне жіберіледі.
Балбек Жеңісұлы, әскери колледж кадеті:
- Менің бала кезгі арманым – әскери қызметші болып, Отан алдында қызмет ету еді. Мен бұл арманыма да жеттім. Біздің оқу ордамызда қаруды қолға алып, қайсар да жігерлі батырлардың ордасы деп айтқым келеді.