Ақмола облысында 10 адамнан Сібір жарасы анықталды
Ақмола облысында 10 адамның сібір жарасын жұқтырғаны анықталды. Науқастардың бірі ауыр халде болса, тоғызының жағдайы қалыпты. Қатерлі індет Жарқайың ауданына қарасты Үшқарасу елді мекенінде тіркелген. Белгілі болғандай, жергілікті серіктестікте 30 астам ірі қара мал сойылған. Соның екеуін қожалық иесі ауыл тұрғындарына таратып беріпті. Қызулары көтеріліп, денелерін жара басқан азаматтар қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал олармен байланыста болған 22 тұрғын дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір Үшқарасу ауылына карантиндік шектеу шаралары енгізілген.
Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Ертеңдері осы елді мекенде карантин шаралары жүргізіледі. Ол жұмыстарды Астанадағы противоэпидемических отряд өткізеді. Олардың жұмысы елді мекендегі қой, жылқы, сиырға қайта екпе егеді. Одан қалды қай жерде малдардың өлексесі болды, қай жерде мал сойылды сол жерлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, залалсыздандырады.