Көкшетауда сырқаттанған 9 сарбаз емделіп шықты
Бүгінге дейін олардың 9 емделіп шықты. Ал тағы 5 әскери азамат бөлімге оралады. «Ауруханадағы жауынгерлердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ»,-дейді дәрігерлер. Оларға қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта індет ошағына айналған әскери бөлімдегі қызметтік тергеу жұмыстары жалғасуда. Емделіп шыққан сарбаздар бөлімдегі медициналық қызметкерлердің жіті бақылауында.
Ұлан Ыдырысов, 5510 әскери бөлімі медициналық қызметінің бастығы:
- Соңғы тәулікте дертке шалдығу дерегі тіркелген жоқ. Емделіп шыққан жауынгерлер оқшауланған арнайы нысандарға орналастырылды. Қазіргі уақытта олар біздің жіті бақылауымызда. Тұрақты түрде дене қызулары тексеріліп тұрады. Қазір барлық сарбаздың жағдай тұрақты.