Әскерден келген жастардың алғашқы легі оқуға тегін қабылданды
Отандық борышыңды өтеп, тегін оқы. Осы мүмкіндікті пайдаланған 180 азамат жоғарғы оқу орнына қабылданған. Қорғаныс министрлігі ақысыз оқыту бойынша 70 мекемемен келісім жасасқан. Бұл шаралар жастардың қызығушылығын оятып, әскердің беделін арттыру үшін қолға алынған. Қазір елде күзгі әскерге шақыру басталды. Аудандық және қалалық комиссиялар 28 желтоқсанға дейін жұмыс жасайды. Сондай-ақ әскерге алынғандарға несиесін өтеу мерзімі шегеріледі.
Бауыржан Артықов, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының департамент бастығы:
-Бүгінгі таңда мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне кредиттік демалыс бойынша іс-шаралар іске асырылады. Атап айтқанда бүгінгі таңда 8,8 мың қарыздар мен микрокредиттер бойынша 5 мыңнан аса әскери қызметшілердің 1,4 млрд теңге төлемдері кейінге қалдырылды.