Хабар телеарнасы

Жыл басынан 80 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Оның 5,5 тоннасы бекіре тұқымдастар санатына жатады. Сондай-ақ заңсыз айналымнан рұқсатсыз кесілген 600 шаршы метр ағаш алынды. Жыл басынан бері полиция органдары 10 мыңнан аса табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әрекеттерін әшкерелеген. Әкімшілік жауапкершілікке 10 555 құқықбұзушы тартылып, оларға 89,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 

Асылбек Ыдырысов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы: 
- Заңсыз аң аулағаны үшін заңнамамен 3 АЕК-тен 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы Қылмыстық кодексте көзделген. Сондай-ақ 5 АЕК 1 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.