Тұқым тапшылығы болуы мүмкін
Елдегі астық алқаптарының 28% ғана орылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе аз. Жаз бойы құрғақшылықтан қысылған шаруалар, енді жауыннан көз ашпай отыр. Сондай-ақ келер жылы Қазақстанда егістікке тұқым табылмауы мүмкін. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин көтерді. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда елдегі тұқым қоры азайған. Қаржылай қолдау да мардымсыз. Сондықтан Үкімет: «мәселеге назар аударуы тиіс»,—дейді халық қалаулысы.
Аян Зейнуллин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Біз Үкіметті алдын ала ескертіп отырмыз тұқым жағынан дайын болсын дегендей. Сондай жағдай болса, Ресейді, оларда қазір жаңбырлар жауып жатыр 20-25 күндей. Мүмкіндік болса шектеу қойып қойса олар тұқымға, обалға қалады біздің фермерлер.