Astana Media Week: медиасауаттылықты дамыту маңызды
Жаһандық геосаяси тұрақсыз жағдайда фейк ақпараттың жетегінде кету оңай. Онлайн платформаларда жарияланған жаңалықтың бәріне бірдей сенуге болмайды. Сондықтан сыни ойлап, медиасауаттылықты дамыту маңызды. Жылдың басты медиа шарасында жиналған медиа мамандар осылай дейді. Astana Media Week осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Үш күнге созылатын шараға саланың бел ортасында жүрген 60 медиа индустрияның топ менеджері, 20-ға жуық республикалық телеарна мен 50-ден астам продакшн компания қатысады. Олар медиа трансформациясы, нейрожелі, цифрлық ортадағы журналистердің жаңа этикасы мен кәсіби мінез-құлқы туралы сөз қозғайды.
Рауан Кенжеханұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
-Видеоны да, аудионы да, мәтінді де жасанды интеллектің көмегімен бұрынғыдай күрделі жолдармен емес, әлдеқайда тез, жеңіл жасауға мүмкіндік беріп отыр. Осындай жағдайда кәсіпқой журналист емес, адамдардың, осы салаға жаңадан қосылып жатқан ортаның жауапкершілігін, одан кейін этикалық мәселелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін маңызды алаң.
Данияр Бибасар , IT компанияның бас директоры:
-Бір белгілі пост бірнеше минутта өте үлкен ақпараттық жарылысқа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан соның барлығын жедел, толыққанды анализ жасау қажет. Жаңа заманауи шешімдерді өзіміздің IT шешімге де ендірдік. Ол Сhat GPT, жасанды интеллект.