Петропавлда әлеуметтік нысандарға жылу берілді
Петропавлда мектеп, балабақша, емдеу мекемелеріне жылу беріле бастады. Ендігі кезекте 1200-ге жуық көпқабатты тұрғын үй қамтылады. Жылу электр орталығы алдағы маусымға толық дайын. Биыл мұнда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын қыста 11 жылу қазандығымен жұмыс істейді. Ал жаңадан салынып жатқан түтін мұржасы тамыз айында осінен ауытқып, қайта бұзылып жатыр. Бірақ бұл орталық жұмысына кері әсерін тигізбейді. Қазандықтар қалған екі құбырға қосылған.
Владислав Лукин, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Облыс, аудандарында 24 орталық қазандық жұмыс істейді. Қазір бұл нысандар жылу беруге толық дайын. Биыл оларды және жылу желілерін жөндеуге 731 млн. теңге бөлінді.