Хабар телеарнасы

Талдықорғандық өнертапқыштар көшет егетін робот құрастырды

Жетісу облысының жас өнертапқыштары көшет отырғызатын робот құрастырды. Жасанды интеллект арқылы басқарылатын құрылғы жерді бұрғылап қазады. Содан кейін ұңғымаға тал шыбықтарды түсіріп, қазылған топырақты қайтадан көміп отырады. Осылайша бір сағатта 180 көшет еге алады.

Ағаш отырғызып қана қоймай, қоқысты да жинайтын робот 20 шақты адамның жұмысын істей алады,- дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары. Олар жобаны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы басталғанда қолға алған. Бұл жоба Германияда өткен робототехника байқауында үшінші орынды иеленген. 

Аяулым Әлиева, жас өнертапқыш: 

- Бұл идеяға негізгі келу себебіміз – ол біздің Қазақстанға көмектесу. Яғни экологиялық проблемалардың шешімін табу болып табылады. Біз білетіндей, Қазақстанда неше түрлі экологиялық проблемалар бар. Және олар жасырылмайды да. Бәріміз білеміз ол туралы. Солардың шешімін табу үшін біз «Көзқарас» командасымен осы жобаны бастаған болатынбыз.