Шымкентте қызылша ауруы өршіп тұр
Шымкенттегі 97 балабақша мен 63 мектепте қызылша ауруы тіркелді. Оқу жылы бастала салысымен ауру жұқтырғандар саны артып барады. Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайдың бақылауда екенін айтып отыр. Әзірге мектептер мен балабақшаларда карантин режимін енгізуге негіз жоқ. Ауру жұқтырғандармен байланыста болғандар 21 күн медициналық бақылауға алынды. Ауырғандардың 88% екпе алмаған. Мегаполисте соңғы 2 жылда бірде-бір қызылша ауруы тіркелмеген. Бірақ биыл 1655 жағдай расталып отыр.
Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
-Егілмей қалған науқастар бүгінгі күнде емдерін алып жазылуда. Қызылшаға қарсы егуді жоспарлы түрде мемлекет тарапынан тегін, дені сау балаға 1 жас - 1 жас 3 ай аралығында және 6 жасында тағы да қайталанып егілу керек. Жаңа жоғары да айтып өткен балалар осы егулерді алмаған не толық алмаған немесе түрлі көрсетілімдермен алмай қалған себептер болып отыр.