Жыл соңына дейін KEGOC компаниясының таза табысы ₸31,5 млрд жетуі мүмкін
Бірақ қаражат компания балансындағы ескірген электрожелілерді жөндеуге жұмсалмайды. Бұл жөнінде акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов айтты. Оның сөзінше, табыс толығымен дивиденттерге төленеді. Ал қосымша акциялар SPO-ға шығарылады. Компания инвесторларға құнды қағаздарының 5 проценттік үлесін ұсынбақшы.
Нәби Айтжанов, «KEGOC» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы:
-SPO-ға компаниямыз 15,3 млн акциясын шығарады. Ол KASE, AIX қор биржаларында саудаға салынады. Бір акцияның құны 1482 теңге.