Алматыда қала әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген қала әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді. Нысан өткен жылғы тәртіпсіздік кезінде зардап шегіп, өрттен 80% залал келген еді. Барлық инженерлік коммуникация автоматтандырылды. Ішкі безендіруге отқа төзімді материал пайдаланылыпты. Түтінді сыртқа шығаратын бірегей жаңа жүйе орнатылған. Әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 17 миллиард теңге бөлінген. Ғимаратта 14 басқарма мен әкімдік аппараты болады. Қызметкерлер алдағы аптадан бастап орналаса бастайды.
Бейбіт Шаханов, қала әкімінің аппарат басшысы:
-Қайта реконструкция жасау кезінде біз мүмкіндігінше толықтай тарихи сәулеттік көрінісін сақтап қалуға тырыстық, көріп отырсыздар. Бұрынғы суреттермен салыстырсаңыздар барлығы сол күйінде сақталған. Бұл жерде өзгеріс болғаны тек қана жаңағы бірінші қабатта азаматтарды қабылдау бөлімі болды. Ол кеңейтілді.