Қарағанды облысындағы орманға белгісіз біреулер қалдықтарды төгіп кеткен
Қарағанды облысының Үштөбе ауылы маңындағы орманға белгісіз біреулер көп мөлшерде тауықтың сүйегін төгіп кеткен. «Іріп-шіріп жатқан құс қалдығы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп жатыр»,— дейді экологтар. Бұл ауылдың іргесінде құс фабрикасы бар. Бірақ қоқыс жәшіктері оларға тиесілі емес екен. Қазір заңсыз әрекетке барған тұлғаны анықтау үшін табиғат жанашырлары полицияға хат жолдады.
Айман Құлатаева, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
-Әлі анықталған жоқ. Жұмыстар жүргізіліп жатыр департамент полициясы мамандарымен. Ұсталған жағдайда ҚР Әкімшілік кодексінің 344-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әзірге жатыр, түк тазаланған жоқ. Анықталған жағдайда кім қоқысты тастады, сол кісі тазалайды.