Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы байланысы нығайып келеді
Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы байланысы нығайып келеді. Олай дейтініміз, театр, мұражай және музыка салаларында ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластық бар. Жуырда ғана «Астана Опера» театрының солистері Мәскеудің үлкен сахнасында «Абай» операсын орындады. Сондай-ақ Қазан және Санкт-Петербург қалаларында қазақстандық өнерпаздардың концерті мен қойылымдары өтті. Ақтөбелік «Салтанат» би ансамблі мен қазақ камералық хоры Ресей көрермендерін тәнті етті. Ал Алматыда ресейлік суретші Максим Кантордың көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шаралар халықтар арасындағы достық пен мәдени мұраға деген құрметті арттырып, өзара байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.