Архив-2025: кешенді бағдарламаның нәтижесі мен мәселесі
Ұлт тарихы үшін тың дерек табылды. Түркия мұрағатынан Алтын Орда ханы әз-Жәнібекке жазылған екі қолжазба табылса, Ресейден Кенесары ханның әскери, саяси шешімдеріне қатысты құжаттары әкелінді. Одан бөлек, қос қайраткер Тұрар Рысқұлов пен Мұстафа Шоқайдың осы күнге дейін белгісіз болған хаттарының көшірмелері елімізге жетті. Ал Тайвань елінің архивінен 19-ғасырдың ортасында жазылған «Шәуешек келісімінің» қазақ тілінде жазылған тұпнұсқасы табылды. Мұның барлығы «Архив-2025» кешенді жобасы аясында атқарылды. Бүгін елордада кешенді бағдарламаның нәтижесі мен мәселесі сөз болды. Тарих үшін зерттелген тың дерек көп.
Сәбит Шілдебай, «Орталық мемлекеттік архив» РММ директоры:
-Әлі күнге дейін барлық архивте орталық мемлекеттік архивтер толық компьютерлендіру мәселесі шешілген жоқ. Сонымен қатар құжаттарды сақтайтын сервер мәселесі шешілген жоқ. Соңғы талаптарға сәйкес келетін сервер болу керек архивтерде. Ол сервер кабинетінің өзін жабдықтау үлкен қаржы. Сол мәселені шешу керек. Сонымен қатар бір ғана серверге құжатымызды сақтап отыру, ертең ол күйіп кетсе өшіп кетеді ғой. Ол қосалқы сервер болу керек.