Ақтөбеде саяжайлықтар қауіпсіз жерге көшірілді
Бүгін Ақтөбеде таң ата 6 саяжай қауымдастығының 127 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Өзен бойындағы бау-бақшаларға, Қарғалы су қоймасынан қауіп төніп отыр. Ернеуінен асуға таяған жасанды көлден секундына 350 текше метр су жіберіліп жатыр. Айта кету керек, Қарғалы өзенінің бойында 48 саяжай бірлестігі бар. Ондағы 300-ден астам үйде, 854 адам тұрады.