Таразда мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік оңалту орталығы ашылды
Нысан жүз елу орынға шақталған. Мұнда бірінші және екінші топтағы мүгедек жандарға сегіз түрлі қызмет көрсетіледі. Ескі орталық небәрі жетпіс адамға арналғандықтан таршылық етті. Жаңа орталықта ине рефлексті терапия, парафинмен емдеу және бассейн бар. Одан бөлек, түрлі шеберханаларда жұмысшы мамандығын игеруге болады. Басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу. Мұнда жылына мың адам оңалтудан өтеді деп жоспарланған.
Қарлығаш Бибазарова , облыстық Әлеуметтік оңалту орталығының директоры:
-Біздің басты артықшылығымыз — жүйелердің роботтандырылғаны. Яғни адам өздігімен жүре алмаса да біз оған экзоскелетті кигіземіз. Сол кезде робот әлгі адамды өзі жүргізе береді. Яғни жүре алмайтын адамның бір бұлшық еті қозғалысқа келсе, компьютер оны көрсетіп тұрады