10 қазаннан бастап Орал-Самара жолы ақылы болады
Шымкент-Самара күре жолының Оралдан Ресей шекарасына дейінгі бөлігі ақылы болады. Тек жеңіл көліктер 56 шақырым жолды тегін жүреді. Ал автобустар мен жүк көліктері салмағына, көлеміне байланысты 280 теңгеден 1400 теңгеге дейін төлемек. Осы жолдың бойындағы ауыл тұрғындарына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар бір айлық абонемент сатып алуларына болады. Құны 1-5 айлық есептік көрсеткіш немесе 3 450-ден 17 250 теңге аралығында. Жол арқылы тәулігіне 1 мыңдай жүк көлігі өтетінін ескерсек, қазынаға қомақты қаржы құйылатынын есептеу қиын емес. Оның басым бөлігі сол жолды күтіп ұстауға жұмсалмақ.
Дамир Тілеубаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК БҚО филиалының бөлім басшысы:
- 23% ақы алу жүйесін күтіп ұстау үшін арналған. 10% салық төлеуге кетеді. 36% жолды күтіп ұстауға арналған және 31% арнайы техниканы жаңартуға арналған. Ақы алу жүйесі орнатылған біздің бағыттағы «без остановочный» тоқтаусыз жүріп өту жол бойымен басынан соңына дейін. Автоматты түрде ақы алынып тұрады.