Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі
Бұл туралы Экономиканы демоно-полизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Премьер-министр Әлихан Смайылов жылу орталығын жергілікті атқарушы органның балансына қабылдау үшін қажетті ұйымдастару-құқықтық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Биыл Үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен Риддер станциясының барлық 6 қазандығында жөндеу жұмыстары басталған болатын. Таяуда 3 қазандық іске қосылады, қалған үшеуін қалыпқа келтіру шаралары, жыл соңына дейін аяқталады.