Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарына байланысты өңірде газ тапшы
Атырау мұнай өңдеу зауытында да жөндеу жұмыстарына байланысты, өңірде газ тапшы... Қаладағы жүргізушілердің көбі тиімді болғандықтан көлігіне сұйытылған газ құяды. Сондықтан газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сәйкес, қазір көршілес Ақтөбе облысынан қажетті көлемде автогаз жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ Энергетика Министрлігінің шешімі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының резервтік қорынан, қосымша 750 тонна сұйытылған газ бөлінген.
Марат Қарамалаев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
-1 қазан мен 1 қараша аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына тұруына байланысты біз сұйытылған газды Ақтиөбеден тасымалдап отырмыз. Жоспар бойынша 5263 тонна осы айға жоспарланғаны. Қазіргі таңда тасымалданғаны 1000 тоннаны құрайды. Қалғаны көлемдер тасымалданып отыр, күнделікті бақылау жүргізіп отырмыз.