Биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді
Осыған орай кезекті отырыс Алматыда өтті. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезінде шиеленіскен мәселелерді шешуде әйелдердің рөлі ерекше. Оған қоса құқықтары ерекше қорғалуы тиіс. «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» атты конференцияға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері диалогқа қатысушы елдердің Парламент өкілдері мен Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Бұл жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен құрылып, үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде өңірдегі ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаңға айналды. Бүған дейін оған Өзбекстан мен Түрікменстан төрағалық етті. Біздің елімізге де зор үміт артылып отыр.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Әйелдердің құқықтары фундаментальды қорғалуы керек. Екінші көтеріліп отырған мәселе бітімгершілік мәселені реттеген кезде әйел адамдар тең құқықты серіктес ретінде қатысуын едәуір жоғарылатуымыз керек. Әйелдер жүрген жерде бейбіт өмір бар. Әйелдер қатысқан жағдайда қандай да бір туындап тұрған мәселені жеңілдетуге мүмкіндік бар.