Хабар телеарнасы

Тәуелсіздік жылдары ғалымдар бірталай жетістікке қол жеткізді

Тәуелсіздік жылдары еліміздің ғалымдары да бірталай жетістікке қол жеткізді. Мәселен, Алматыдағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүгері және бал құмайдың 50-ден астам гибридті сұрпын шығарды. Барлығы қуаңшылыққа төзімді әрі таптырмас мал азығы. «Тұран-480», «Тұран-680», «Тәуелсіздік-20» қазақ селекционерлері шығарған жүгері түрлерінің бірсыпырасы ғана. Олар түрлі ауруларға төзімді. Дәні тамақ өнеркәсібіне қажетті крахмалға бай. Ғалымдар: «Гибридті сұрыптардың өнімділігі жоғары»,— дейді. Гектарынан 14 тоннаға дейін жүгері жиналады. Бұл экономикалық тұрғыда тиімді.

Айман Омарова, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒЗИ АҒА ғылыми қызметкері:
-«Қазақстандық-20» құмай жүгерісіне патент пен авторлық куәлік алдық. Бұл сұрып қуаңшылыққа төзімді, сортаң топырақта өсе береді. Ал шырынындағы қанттың мөлшері 20% асады. Сүрлем жасауға қолайлы. Суармалы жерге ексе үш, тіпті төрт рет шауып алуға болады.